Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпустың өкілдері – Ресей, Словакия, Литва және Грекияның елшілерімен олардың өтініштері бойынша кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев Ресей елшісі Михаил Бочарниковты Ресей Федерациясы Конституциясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жүздесу барысында тараптар мемлекет басшыларының уағдаластықтарына негізделген Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігінің дамуына қанағаттанушылық білдірді.
Заң шығару органдарының арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігі Словакия елшісі Петер Юза, Литва елшісі Рокас Бернотаспен және Грекия елшісі Эфтимиос Пандзопулоспен кездесулердегі әңгіме барысында атап өтілді. Словакия елшісі Қазақстан Сенатының Төрағасына Словакия Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы Павол Пашконың Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай жеке құттықтауын жеткізді. Қ.Тоқаев дипломаттармен Литваның Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалық етуі және 2014 жылдың алғашқы жартысындағы Грекияның төрағалығы аясында Қазақстан мен Еуропа Одағының ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.