Руханият • 21 Қаңтар, 2021

Академиктің домбырасы

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Академик Әлкей Мар­ғұланның шәкірті Аман­құл Мұсатайұлы Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің қорына атақты ғалымнан қалған бірталай затты өз қолымен тап­сырған екен. Соның ішін­дегі құнды жәдігердің бірі – қасиетті домбыра.

Академиктің домбырасы

Музейдің бас қор сақ­тау­шысы Асыл Ихашованың айтуынша, бұл домбыраны академикке К.Тулекеев деген азамат қотаңба жа­зып, сыйға тартқан кө­рі­неді. Өкінішке қарай, бұл адам­ның кім еке­ні тура­лы дерек еш жерде сақталмаған. Ал музыкалық аспапты Ақ­­тоғайдың тумасы, өл­ке­танушы, суретші Аман­құл Мұсатайұлы музейге 2002 жылы тапсырыпты. Бұл кісі академик Әлкей Марғұланның өзі ұйым­дас­тырып, өзі бас­қарған Ор­­талық Қазақстан экс­пе­­ди­циясының Арқа же­ріндегі құрметті мүшесі болған. Өмі­рінің соңғы жыл­дары Балқаш қаласында тұрыпты.

Балқаш мұражайында домбырадан басқа, Әлкей Марғұланның фотосуреттері, жеке анықтама қағаздары, Аманқұл Мұсатайұлына жазған хаты, көзілдірігі және сақал қырғышы да сақталған.

 

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы