14 Желтоқсан, 2013

Ерен еңбек еленді

420 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Еліміздің Тәуелсіздік күні­ қарсаңында Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Жар­лы­ғымен елдің әлеуметтік-эко­но­микалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы дос­тық пен ынтымақтастықты ны­ғай­туға қосқан елеулі үлесі және бел­сенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, ден­саулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құ­қық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызмет­ші­лер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

Еліміздің Тәуелсіздік күні­ қарсаңында Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Жар­лы­ғымен елдің әлеуметтік-эко­но­микалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы дос­тық пен ынтымақтастықты ны­ғай­туға қосқан елеулі үлесі және бел­сенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, ден­саулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құ­қық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызмет­ші­лер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын әлеуметтік-гуманитарлық дамыту­дағы аса үздік жетістіктері, бел­сенді қоғамдық қызметі үшін Қызылорда облысының «Абзал и К» толық серіктестігінің директоры А.Ж.Ералиевке, «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орта­лығы» АҚ бас­қарма төрағасы Ю.В.Пя мен Ақ­мола облысының «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры И.А.Сауэрге берілді.

«Отан» орденімен «Халық­ара­лық бизнес университеті» ЖШС президенті К.Ә.Сағадиев, «Қа­затомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы В.С.Школьник, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Атырау облысының әкімі Б.С.Із­мұ­хамбетов марапатталды. Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді, олардың арасында суретші Қ.С.Абаев, жазу­шылар Т.Әбдіков, Б.Бодаубаев, Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор­лары Ж.М.Әбділдин, Қ.Сал­ғараұлы, «Жан Анам» қайырым­дылық қоры­ның директоры М.Ілия­сова, «Қаз­фосфат» ЖШС бас ди­ректоры М.З.Искандиров, «Кен­тау трансфор­матор зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы С.І.Қожабаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогика университетінің кафедра меңгерушісі М.Қ.Қойгелдиев, «Ақ Жайық» газетінің бас редакто­ры Р.Отарбаев, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ төрағасының орынбасары А.Ю.Тараков, Ғ.Мүсірепов атын­­дағы Қазақ мемлекеттік ака­де­мия­лық балалар мен жасөс­пірім­дерге арналған театрдың директоры Т.Д.Теменов, Алматы облысы «ДРСУ-8» ЖШС директоры А.Г.Угрюмов, Қазақстан бокс феде­рациясының вице-президенті Ю.А.Цхай бар.

ІІ дәрежелі «Достық» орде­ні­не «Барбанг» Қазақстан күрд­тері қауымдастығының мүшесі А.З.Алиев, Қазақ ұлт­тық өнер уни­верситетінің кафед­ра мең­ге­ру­шісі Қ.Ә.Бай­бо­сы­нов, Ш.Ай­манов атындағы «Қазақ­фильм» АҚ актрисасы А.Темірова, Қа­зақ­стандағы «Филия» грек қо­ғам­дары қауымдастығының төраға­­сы П.И.Феодориди, Ресей Федера­циясы «Ақжол» қазақ ұлттық мәде­ни орталығының президенті Т.Қ.Дү­сенбаев және басқалар ие болды.

«Құрмет» орденінің иегерлері Ақмола облысы «Зеленый Бор» шипажайы» ЖШС бас директоры Д.М.Аманжолов, ақын О.Асқар, Қарағанды облысы Сәтбаев қала­сының № 27 орта мектебінің мұға­лімі Ш.Б.Бейсенбекова, Солтүстік Қазақстан облысы «Кирилловка-Айыртау» ЖШС механизаторы Ж.С.Ғабдуллин, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК бас ғылыми қызметкері Ә.Қ.Машкеев, «Т.Рыс­­­құлов атындағы Қазақ экономи­калық университеті» АҚ ректоры С.А.Святов, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік акаде­миялық орыс драма театрының әртісі М.М.Токарев, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК аға шебері С.Б.Туров, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Е.С.Құсайынов, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Р.Шөкеев және т.б. атанды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қыз­метшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғы­лым, мәдениет, өндіріс пен әлеу­меттік саланың 76 көрнекті өкі­ліне берілді, Қазақстан Респуб­ликасының Құрмет грамотасына 265 адам ие болды.

Наградталғандардың тізі­­мі жер­­гілікті баспасөзде жарияланады.

 

Соңғы жаңалықтар