Бүгінгі заман талабына сай, білімді де білікті кадрлар даярлау үшін инновациялық технологияларды барынша қолданып, теориялық қана емес, практикалық білімді де арттыру қажет. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті осы мақсатпен журналистика факультетінің студенттеріне арнап жаңа телестудия ашты.

Ақпараттық заманның ағымына сай болашақ журналистер аталған студияда қазірден бастап телевизияның қыр-сырын игеретін болады. Атап айтқанда, мұнда шағын телехабарлар, бейнероликтер, деректі фильмдер, жарнамалық өнімдерді жасауға толықтай мүмкіндік бар.
Тұсаукесер салтанатына қатысқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов, Д.Қамзабекұлы, Ш.Құзарқызы, Т.Жанайдарұлы, Ә.Мәдібекұлы секілді жоба жанашырлары мен «Хабар» телеарнасы АСБД бөлімінің директоры З.Әліпбек, Қазақ радиосының директоры Махат Садық, Қазақ телевизиясының ардагері Сұлтан Оразалы негізгі үш жүйеден тұратын жаңа телестудияның мүмкіншілігі өте жоғары екенін атап көрсетті.
Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақтың сөзіне қарағанда, болашақта осы телестудияда жасалған бағдарламалар мен жаңа жобаларды республикалық телеарналарға ұсынуға да зор мүмкіндік туып отыр.
Камшат ЖҰБАТХАНОВА,
Еуразия ұлттық университетінің студенті.