Спорт • 21 Қаңтар, 2021

Криштиану Роналду 66 жыл өзгермеген рекордты жаңартты

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік бомбардир атанып, карьерасындағы голдар саны бойынша абсолютті әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Криштиану Роналду 66 жыл өзгермеген рекордты жаңартты

Роналду жазылушыларына қуанышты жаңалықты Instagram желісіндегі парақшасында  жеткізді. 

Кеше Италия Суперкубогы үшін «Наполимен» өткен матчта Роналду карьерасындағы 760-шы гол соғып, футбол тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Бұған дейінгі әлемдік рекорд Чех Джозеф Бицанға тиесілі еді. Ол 1931 жылдан 1955 жылға дейін 759 гол соққан.

Айта кетейік, «Ювентус» 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Италия Суперкубогын рекордтық тоғызыншы рет жеңіп алды.