Қоғам • 21 Қаңтар, 2021

«Antikor ortalygy» сервистік орталығы – Агенттік қызметінің ашықтығы мен айқындығының көрсеткіші

413 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық үшін қолайлы алаңдар жасай отырып, өз жұмысына азаматтық қатысуды кеңейтеді. Оның бірі – еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейтін «Antikor ortalygy» сервистік орталықтары болды. Бұл туралы «Antikor ortalygy» алаңында өткен онлайн-брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Antikor ortalygy» сервистік орталығы – Агенттік қызметінің ашықтығы мен айқындығының көрсеткіші

Спикер орталықтар ашылған сәттен бастап 3 000-нан астам түрлі іс-шаралар, кездесулер, тұсаукесерлер, брифингтер және т.б. өткізілгенін, олардың аясында мыңдаған қазақстандықтар өз проблемаларын айтып, мамандардың жауаптарын алғанын айтты.

Агенттік жұмыстың заманауи технологиялық форматтарын азаматтарды қабылдау секілді дәстүрлі форматпен сәтті үйлестірген. Олар күрделі және ерекше жағдайлардың мәнін тереңірек түсінуге, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Аумақтық департаменттердің бірінші басшылары өткен жылы «Antikor ortalygy» - да 600-ден астам азаматты қабылдады.

Осы мақсатта Агенттіктің сайтында «сұрақ-жауап» арнайы сервисі жұмыс істейді, онда әрбір сұрау өңделіп, жауап беріледі.

Кері байланыстың тағы бір пәрменді тетігі – «Ашық диалог» электрондық үкімет порталы. Осы платформада Агенттік ай сайын интернет-конференция өткізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұртшылық өкілдері мен сарапшыларды тарту жөніндегі міндетті табысты шешетін «Adaldyq alańy», «Protecting Business and Investments», «Adal komek», «Ашық бюджет» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобаларының және арнайы мониторинг топтары мен ақпараттық-ағарту штабтарының жұмысын атап өткен жөн.

Айгүл Соловьева, Айман Умарова, Рахим Ошақбаев, Зәуреш Батталова және тағы басқа қоғам қайраткерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі жобаларды ілгерілетуде ерекше белсенді екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ П.Сәдуақас Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды талқылауға және іске асыруға әрқашан дайын екенін атап өтті.