14 Желтоқсан, 2013

Сирияда содырлар 120 күрдті тұтқынға алды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 12 - sodirlarСирияның солтүстігінде «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» тобының экстремистері 120 күрдті тұтқынға алып кетті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Аль-Манар» телеарнасының ақпары бойынша, тұтқындар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Оқиға Түркиямен шектесіп жатқан Аазаз қаласы маңында орын алған. Содырлар күрдтердің аулына басып кіріп, жергілікті тұрғындарды тұтқынға алып кеткен.

«Аль-Каидамен» байланысы бар «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» мен «Джебхат ан-Нусра» топтары Сирияның солтүстігіндегі күрд аудандарына апаратын барлық жолдарды бөгеп тастап, бұл аудандарға гуманитарлық көмектің жеткізілмеуін қадағалап отыр. Бұл әрекеттер арқылы содырлар шілде мен қазан айларында күрдтердің басып алған Эль-Хасика провинциясындағы шекара өткелдерін қайтарып алуды көздеп отырған көрінеді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар