14 Желтоқсан, 2013

КХДР лидері Ким Чен Ынның жездесі атылды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 12 - Chan Son ThekЖақында бүліншілік әрекеттер жасады деген айыппен барлық қызметтерінен алынып тасталған Чан Сон Тхэк әскери соттың шешімімен өлім жазасына ұшырады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Солтүстік Корея мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары және Корея Еңбек партиясы орталық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған Чан Сон Тхэкке – Ким Чен Ынның сыртынан әрекет жасады, бұзылған адамның тұрмыс салтын ұстады және мемлекеттік сатқындық жасады деген айып тағылды.

«Айыпталушы Тхэк өзінің жанына залалды күштерді жинап алып, сол тобырдың басшысы болды. Бұл топ ұзақ уақыт бойы мүмкін болған арандатушылық пен төменгі тәсілдің барлық түрлерін қолдана отырып,  біздің партиямыз бен мемлекетімізді басып алуға ұмтылды. Ол жоғарғы лидердің үлкен сеніміне ие болы, бірақ сатқын болып шықты», – делінген айыптау қорытындысында. Әскери сот Тхэктің саналы түрде жасаған қылмыстарының бәрі толық дәлелденді деген ұйғарымға келді.

Sky News газетінің хабарлауынша, өлім жазасы 12 желтоқсан, бейсенбі күні орындалыпты. Қазір Чан Сон Тхэктің отставкаға кетуі мен өлімге ұшырауы Ким Чен Ын билік басына келгелі бергі Солтүстік Корея өміріндегі ең дүбірлі оқиға болып тұр. Оңтүстік Кореның «Ренхап» агенттігі осы жолы Чан Сон Тхэктің екі көмекшісі де ату жазасына кесілгенін мәлімдеді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар