2021 жылы 21 қаңтарда 08 сағат 18 минутта Алматы қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Жетісу ауданы Қазыбаев көшесі 2 үй мекенжайына шақыртудың жоғары дәрежесімен жіберілді. Өртсөндірушілер келгенде 1500 шаршы метр аумақтағы ағаш сақтайтын қойманың бір қабатты жеке тұрған ғимараты жанып жатқаны анықталған. Өрттің 10-15 метр қашықта орналасқан көрші қоймаларға таралу қаупі туындаған.
Өрт сөндіру гидранттарының қашықта орналасуына байланысты, су өрт автоцистерналардың көмегімен қамтамасыз етілді. Өртті сөндіруге және қоймаларды оттан қорғау үшін 2 автобаспалдақ пен 8 әмбебап өрт оқпаны берілді.
Тілсіз жауды сөндіру үшін Алматы қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамнан 66 адам, 13 дана техника жұмылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 30 минуттың ішінде сөндіріліп, 9 сағат 35 минутта толықтай жойылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.