14 Желтоқсан, 2013

Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорынға айыппұл салынды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 12-neoБатыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Урал Ойл энд Газ» компаниясына ірі көлемде айыппұл салды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Аталған кәсіпорын 2000 жылдан бері Федоровка ауылы маңында көмірсутегі шикізатын барлаумен айналысып келеді. Ал 5 жыл бұрын кәсіпорын «Рожково» кен орнында мұнай, газ және газ конденсатын өндірген болатын. Алайда, компания  жыл бойы қажетті нормадан жоғары көлемдегі 250 тоннадай лас заттардың ауаға таралуына жол беріпті. Сондықтан қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтірген кәсіпорынға  800 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды. Батыс Қазақстан облысындағы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Аслан Жаңатауовтың айтуы бойынша, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану нәтижесінде аталған сома толығымен бюджет есебіне өндірілген.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.      

Соңғы жаңалықтар