Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері киік аулағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы полиция қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан, азаматтар жануарлардың сирек кездесетін немесе жоғалу қаупі жоғары түрлерін аулауды жалғастыруда. 14 қаңтарда сағат 01.00-де рейдтік шаралар барысында Қарағанды облысының ПД табиғат қорғау полициясының және Нұра ауданының ПБ қызметкерлері, “Охотзоопром” мекемесінің инспекторларымен бірге Нұра ауданының аумағында “ВАЗ-2121” маркалы автокөлігін тоқтатты.
Нұр-Сұлтан қаласының 34 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде автомобильдің төбесіне орнатылған жүк салғышта ақбөкен терісін алып келе жатқаны анықталды. Бұдан басқа жүк салғыштан мүйізі кесілген үш дана киіктің басы, қан мен жүн іздері бар ас үй пышағы бар қап табылды. Сол күні оның Нұра ауданының 28 жастағы тұрғыны болып табылатын інісімен бірге бір бас ақбөкенді қораға айдап кіргізіп, кейін сойып, содан кейін сойылған киік етін қапқа салып, көлікке жасырғаны анықталды.
Тәртіп сақшылары ағайындылар қасапхана ретінде пайдаланған қараусыз қалған ғимаратты тексерген кезде екі қапқа салынған киік етіне ұқсас жіліктелген ет пен үш жұп мүйізді тапты. Браконьер тірі және сойылған ақбөкенмен түскен фотосуретті смартфонында сақтап, оны жақындарына естелік ретінде қалдыру туралы шешім қабылдаған. Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар