Қоғам • 21 Қаңтар, 2021

Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет бұзды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қоғамдық көлікпен жүру қауіпке айналғалы тұр. Өйткені автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет  бұзады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет бұзды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, мұндай дерек 20 қаңтардан бері өткізіліп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталып отыр.  

«Іс-шараның алғашқы күнінде облыста автобустарға қатысты 170 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 42 автобус жүргізуші  маневр жасау қағидаларын бұзған. Сондай-ақ 38 жүргізушінің рульде телефонмен сөйлескені белгілі болды. Көлік жылдамдығын асырған 8 жүргізуші жауапқа тартылды. Ал 19 автобус міндетті техникалық тексеруден өтпеген болып шықты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.