15 Желтоқсан, 2013

Байтақ байлықты бағалау бақыты

315 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігіне орай  «Қазақстан» ұлттық арнасы мерекелік бірнеше арнайы жоба әзірледі. Тәуелсіздік күні егемен Қазақстанның тарихынан сыр шертетін «Теңдессіз тәуелсіздік!», «Менің Отаным – Қазақстан», «Тұғыры биік тәуелсіздік!» атты деректі фильмдер көрерменге жол тартпақ.  Және мерекелік концертпен қатар «Мемлекеттік қызметшілер миссиясы», «Баға жетпес байлығымыз  оралды» атты арнайы жобалар ұсынылмақ.

Ел Тәуелсіздігіне орай  «Қазақстан» ұлттық арнасы мерекелік бірнеше арнайы жоба әзірледі. Тәуелсіздік күні егемен Қазақстанның тарихынан сыр шертетін «Теңдессіз тәуелсіздік!», «Менің Отаным – Қазақстан», «Тұғыры биік тәуелсіздік!» атты деректі фильмдер көрерменге жол тартпақ.  Және мерекелік концертпен қатар «Мемлекеттік қызметшілер миссиясы», «Баға жетпес байлығымыз  оралды» атты арнайы жобалар ұсынылмақ.

Тәуелсіздік мерекесіне арнал­ған бағдарламаның  бірнешеуіне қысқаша тоқталып өтетін бол­сақ, алғашқы жобаның аты – «Те­ң­дессіз тәуелсіздік!».  22 жыл­дық та­рихы бар тәуелсіздік қа­зақ­қа оңай жолмен жеткен жоқ. Осы жылдарда Қазақ елі түрлі өзгеріс­терді бастан өткіз­ді. Сын сағатта Қазақстан өзін 100-ден астам елге мойын­да­тып, жаңа Ата Заңын қабыл­дады. 1998 жылғы азиялық дағда­рыстан, 2008 жылғы әлемдік қар­жы күйзелісінен де үлкен шығын­сыз өтті. Егемен ел атанып, 5 Олимпиадаға ұландарын қатыс­­тырды, байрақты талай бәсе­кеде қанжығасы бос қайтпай, ел туы жеңіс тұғырында желбіреді. Президент Н.Назарбаевтың бас­тамасымен еліміз бірнеше инте­грациялық үдерісте белсенділік таныта білді.

Осы жетістіктерді 22 жылдан соң қорытындылап, түйін жасау – кейінгі ұрпақтың басты міндеті болып саналады. Осыған орай, «Қазақстан» ұлттық арнасы 3 бөлімнен тұратын 1 сағаттық «Теңдессіз тәуелсіздік!» атты арнайы жоба түсірді. Бағдарламада еліміздің басты оқиғаларына қатысты қоғам қайраткерлері сұхбат беріп, қызықты сюжеттер көрсетіледі. Мәселен, Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің ұзақ жылдар бойы үзілмей жалғасқан әлеуметтік саясаты жайлы баян­даса, ақын Әкім Ысқақ елімізге қандас бауыр­лардың оралуын еске алады. Ал белгілі тарихшы Бүркіт Аяған 90-жылдарғы қиындықтың себебін түсіндірсе, дипломат Вячеслав Ғиззатов мемлекеттік ше­караларымыздың бекітілу хро­ни­касын әңгімелеп береді. Ал ме­рекелік жобаның соңғы нүктесін дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан Елбасының сүйікті ән­дері жайлы сөз ете келіп, атақты «Менің Қазақстаным» әнін орындаумен түйіндейді.

Тәуелсіз тарихымызда Қа­зақ­стан үшін сын сәтіне айналған маңызды оқиғаның бірі – 2008 жылы бастау алған жаһандық қаржылық дағдарыс десек, осы кезде әлемде жүйе құраушы талай ірі банк, компаниялар өзін дефолт, банкрот деп жариялаған болатын. Дағдарыстың мұндай салқыны Қазақстанға да жетпей қоймады. Қаржы тапшылығы орнады. Бірақ 2000 жылы Президент бастамасымен құрылған Ұлттық қор қаражаты – мәселенің ең тиім­ді шешімі болды. Себебі, Елба­сы мұнай сатылымынан түс­кен артық қаражаттың қиын сәтте қа­жет болатынын дер кезінде көре біліп, айтты. Дәл солай болды да.

Үкімет экономиканы тұрақ­тан­дырып, оның басты салаларын қаржыландыру үшін Ұлт­тық қордан 10 млрд. доллар алып, оны 5 салаға бөлді. Олар: қар­жы нарығы, құрылыс саласы, агросектор, индустриялық жобалар және шағын және орта биз­нес еді. Өзге елдерде жұмыс орны қысқарып, зауыттар жабылып жатқанда, мұндай қолдаудың нәтижесінде Қазақстан қызмет орындарын сақтап қала алды. Тіпті, күрделі жағдайда қалған үлескерлердің өтпей қалған құрылыс объектілерін бюджет есебінен тәмамдады. Нәтижесінде Қазақстан бар-жоғы 2-3 жылда өзінің бастапқы экономикалық өсіміне қайта оралды.

«Менің Отаным – Қазақстан» жобасына келсек, 1990-жылдар­дың басы. Аласапыран кезең. Бұл – егемендікті енді ғана алып, дербестікке қол жеткізген уақыт болатын. Нарықтық тұрмысқа әлі үйренісе қоймаған шақ. Бү­тін бір мемлекет түгілі жекелеген азаматтың күнкөрісі мұңға айналған қиын-қыстау кезеңде жат жерде жүрген қан­дас­тарымызды атажұртқа шақыру расында, ердің ері ғана тәуекел ете алатын ісі еді. Президент Н.Назарбаев 1992 жылы осындай батыл қадамға барды. Сол кездегі астанамыз  – Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының ал­ғаш­қы құрылтайы өзіндік сән-салтанатымен өткен болатын. Бұл құрылтай – дүние жүзіндегі иісі қазақ баласының рухани оянуына, қайта түлеуіне дем берді. Шарапатын тигізді. Үміт сыйлады. Бұл үміт кейін, шындыққа, ақиқатқа айналды. Үлкен тебі­ре­ніспен басталған құрылтай – Дүниежүзі қазақтарына және Қазақстан Үкіметіне бес баптан тұратын өз үндеуін жолдады. Бұл Қазақ елі үшін тарихи оқиға еді. Себебі, жаһанда қандас бауырларын тарихи отанына шақырған мемлекеттер некен-саяқ еді. Нақты айтсақ, мұндай батыл қадамға  үш ел ғана бара алды. Олар – Германия, Израиль және  біздің Қазақстан. Бұл жұмысты Қазақстан мен Израиль Тәуелсіздік ала сала, көп ұзамай қолға алды. Міне, осылайша Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрын­дық болуымен тағы бір асыл арман – шындыққа айналды. Миллиондаған тағдыр, мыңдаған отбасы атажұртымен қайта қау­ышты. Бұл оқиға Қазақ елі тарихында алтын әріппен жазылатыны ақиқат. 

Дүниежүзі қазақтарының қау­ымдастығын құрып, оған Елба­сы Н.Ә. Назарбаевтың өзі Төраға болды. Сөйтіп, әлемнің әр тарабына тарыдай шашырап кеткен қандастарымыздың атамекенге оралуына заңдық және әлеуметтік негіз қаланды. Сол жылдардан бастап, Қазақстан Үкіметі көші-қон және демография мәселелерімен айналысатын арнайы агенттік құра отырып, шет­тегі ағайындарды Отанға орал­туға бюджеттен квоталық қар­жы бөлді, алыс-жақын шетел­дерден қандастарымызды көші­ріп әкелу мен орналастыру шара­ларын жос­парлы, кешенді түрде жүзеге асыра бастады. Содан бер­мен қарайғы  22 жылда алыс-жақын шетелдерден тарихи Ота­нына – Қазақстанға миллионнан астам  қазақ баласы оралып үлге­ріпті.

Тәуелсіздік ұлы мұрат, қас­тер­лі ұғым! Сан ғасырлар бойы арман еткен ата-бабамыздың асыл мұ­раты осы дәуірде шындыққа айналуы қандай ғанибет! Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлы мұраттың ұйытқысы бола білді. Елі сенді, Елбасы сенімді ақтады. Осылайша, қазақтың жаңа тарихы, жаңа жылнамасы жазылды. «Қазақстан» ұлттық арнасының арнайы мерекелік жобаларынан осындай ақшуақ әсерге бөленесіз.

Танагөз ІЛИЯСОВА.

 

Соңғы жаңалықтар