«21 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 15:03-те (елорда уақытымен 19:03) Харьков қаласының Нижняя Гиевскя көшесіндегі 150 Б-үй өртенді. Өрт қарттар үйі болған нысанның екінші қабатында басталған. Сағат 16:05-те ғимараттан өлген 15 адамның денесі табылды, тағы 5 адам зардап шеккен», делінген қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет таратқан хабарламада.
Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 28 маман және 7 техника жұмылдырылған.
Қайғылы оқиға мемлекеттік деңгейдегі төтенше жағдай деп белгіленді. Қалалық кеңес сағат 17-де оқиғаға қатысты отырыс өткізетін болды.