Қазақстанның 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ төрағалығын қабылдауына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің басшыларына жолдаған үндеуінде бірқатар маңызды мәселені көтерді. Президентіміз атап көрсеткен басымдықтар осы ұйымның алдағы 5 жылдағы бағытын айқындап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде сыртқы нарықтарға шығуды кезең-кезеңімен кеңейту, үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды қарқынды дамытудың маңызына тоқталды. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы «ЕАЭО – ЕО» форматында диалог қалыптастыру жұмысын белсенділендіріп, жүйелендірудің маңызын атап өтті. «Еуропалық комиссиямен және Еуроодақтың өзге де органдарымен ынтымақтастық теңқұқылы және прагматикалық тұрғыда болуға тиіс», деді Қазақстан Президенті.
Президенттің Еуропалық одақпен қарым-қатынас орнату жөнінде сөз қозғауы бекер емес. Қазіргі таңда аталған ұйым әлемдегі ең үлкен одақтың, одан қала берді алпауыт нарықтың бірі саналады. Оның үстіне, ЕО-ның шартараптың түкпір-түкпіріне әсері ерекше. Мәселен, «Брюссель әсері» деп аталатын жаһандық заңнамаларға ықпал ететін феномен бар. Яғни ЕО әлемдегі ең үлкен тұтынушы нарығының бірі болғандықтан, көптеген трансұлттық корпорациялар одақ құрамында қызмет етуі үшін оның ережелерін қабылдауға мәжбүр.
Нәтижесінде әр елде түрлі заңнамаларға бағынбас үшін алпауыт корпорациялар Еуропалық одақтың құқықтық ережесін жер-жаһанның басқа бөлігінде де қолданады. Осылайша, қарт құрлық бекіткен заңнамалар әлемдік деңгейге шығып отыр. Тіпті, IT саласындағы ірі компаниялар да ЕО-ның қатаң талаптарына қарамастан, оған бағынуға мәжбүр.
Еуропалық одақ экономикасының ауқымын мынадан-ақ аңғаруға болады. Қазіргі таңда қарт құрлық әлемдегі екінші экономика саналады. Ішкі жалпы өнім көрсеткішінің көлемі былтыр 15 триллион долларды құрады. Бұл жалпы әлем экономикасының алтыдан бірін құрайды.
Сондай-ақ ЕО әлемдегі ең үлкен экспорттаушы ретінде белгілі. Мәселен, 2019 жылы одаққа мүше мемлекеттер құны 2,13 триллион еуродан асатын тауарды басқа елдерге сатқан. Өз кезегінде 1,93 триллион еуроның өнімін импорттаған. Бұл – Еуропалық одақтан тыс аймақтармен жасалған сауда-экономикалық байланыс.
Бұдан бөлек, ЕО басқа да елдермен еркін сауда нарығын құру секілді түрлі келісімдер жасасқан. Атап айтқанда, 38 мемлекетпен түрлі деңгейдегі сауда-экономикалық мәмілеге келген. Оған қоса, Кариб теңізі елдері, Африка, Оңтүстік Америка мемлекеттерімен осы бағытта келіссөздер жүргізуде. Қысқасы, қарт құрлық жеңілдетілген экономикалық байланыс орнатып, диалог қалыптастыруға қарсы емес.
Еуропалық одақтың ерекшеліктері неде? Біріншіден, Еуроодақ – экономикалық, саяси және әлеуметтік интеграцияға түскен мемлекеттердің бірлестігі. Дамыған Еуропа елдеріндегі бұл ықпалдастық өзара жақындасу үдерістерін әлі де жалғастырып келеді.
Екіншіден, ЕО мүшесінің халықаралық еңбек бөлінісінде өз орны, өзіндік ерекше мүдделері бар. Олардың өздерінің ұлттық мүдделерін қорғауы толық бірлесіп кетулеріне кедергі келтіреді.
Үшіншіден, ЕО елдерінің даму деңгейі әртүрлі. Әсіресе, ЕО-ға кейінірек кірген Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің аузынан ақ май ағып отырғаны шамалы. ЕО-ның тірегі – Германия мен Франция сияқты қуатты экономикалық державалар.
Төртіншіден, 1951 жылы құрылған Еуропадағы көмір мен болат бірлестігі негізінде пайда болған ЕО өзінің ғаламдық мәселелерге қатысты саясатын АҚШ-тың ұлттық мүдделерін қорғау саясатымен тығыз байланыстырады. АҚШ пен ЕО экономикалық қана емес, әскери тұрғыда да одақтасқан.
Бесіншіден, ЕО мемлекеттері Қазақстанның мұнай, газ, түсті металдар секторына қызығушылық танытады. Атом электр стансалары өте көп Франция секілді мемлекеттер Қазақстанның уран өнімдеріне зәру. Еуропалық трансұлттық компанияларды Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал қызықтырады.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері Еуропалық одақпен сауда-экономикалық байланыстарды жоғары қарқында дамытуға қол жеткізді. Бүгінде бұл одақ – еліміздің басты сауда және инвестициялық серіктесінің бірі. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы мен ел экономикасына тартылған шетелдік инвестициялардың жартысы ЕО үлесіне тиесілі.
Еуропалық комиссияның мәліметіне қарағанда, 2019 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 24,3 млрд еуроны құраған. Осылайша, біздің ел ЕО-ның сыртқы сауда әріптестері тізімінің 31-сатысына жайғасты. Соның ішінде қарт құрлыққа 18,3 миллиард еуро көлеміндегі өнімді экспорттасақ, импорттың құны 5,9 миллиард еуродан асты.
Тәуелсіздік алғалы бері «тоғызыншы аумаққа» 330 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Соның 50 пайызға жуығы қарт құрлықтың еншісінде.
Былтыр Қазақстан мен Еуропалық одақ (ЕО) арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді. Соған сәйкес көптеген саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік мол. Бұл ретте Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері ішінде бірінші болып Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын айта кеткен жөн. Аталған келісімнің ауқымы өте кең. Атап айтқанда, сауда, білім беру секілді маңызды салалар қамтылған. Мәселен, Қазақстан тұтынушылары мен шағын және орта бизнес мүдделеріне жауап беретін әділ әрі ашық бәсекелестікті алға тарту – басты мақсаттың бірі. Келісімде «Сауда және орнықты даму» атты тарау бар. Бұл тарау Қазақстан қоғамының игілігі үшін орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін еңбек құқықтары мен қоршаған ортаны қорғау бойынша бірнеше ережені қамтиды. Келісімнің «Сауда» бөлімі толық заң үстемдігін арттыруға, бекітілген ережелер мен стандарттарға негізделген сауданы дамытуға жәрдемдесуге арналған.
Келісім аясында аясында көмірсутекті энергетика, жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу салаларындағы ережелер уақытша қолданысқа енгізілген.
Қазақстаннан Еуропалық одаққа бағытталған мұнай мен уран экспорты өте маңызды. Ол Еуропа континентінің энергетикасын әртараптандыруға өз үлесін қосып отыр. Еліміз ЕО-ның мұнайға деген сұранысының шамамен 6 пайызын және уранға деген сұранысының 21 пайыздан астамын қамтамасыз етеді.
Түйіндей айтқанда, қай тұрғыдан алып қарағанда да Еуропалық одақтың әлеуеті мол. Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынас жандандырылып, екіжақты ынтымақтастық нығайса, бұдан ешкім ұтылмайтыны сөзсіз.
Осы орайда Қазақстанның еуропалық бағыттағы миссиясы үлкен болмақ. Өйткені екі тараптың қарым-қатынасы VI ғасырда, Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс пен Батыс сауда-саттық жасай бастағаннан бері қалыптасқан. Демек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуі қарт құрлықпен қарым-қатынасқа соны серпін беретіні анық.
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Ұқсас жаңалықтар