Санаулы күн бұрын одақ елдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді қабылдады. Бұл келісім бойынша мысалы Қазақстан азаматы Ресейге барып жұмыс істеп, сол елдің үкіметінен, ал біздің елде еңбек еткен армениялық жұмысшы зейнетақысын БЖЗҚ-дан алуына мүмкіндік туады.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Келісімге түсініктеме берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетов заң жобасының басты мақсаты – бірыңғай зейнетақы жүйесін қалыптастыру екенін айтқан-ды.
– Қарап отырсақ, әр елдегі жүйе әртүрлі. Беларусь Республикасында мүлде жинақтаушы зейнетақы жүйесі жоқ. Қазақстан, Ресей және Армения елдеріндегі зейнетақы жүйелерінің айырмашылығы көп. Олардағы зейнет жасы, зейнетақы мөлшері, еңбек өтілі, басқа да параметрлер бөлек. Әр елдегі тұрақты тұрушы азаматтың зейнетақы мәселесі реттелген. Ал ЕАЭО елдерінен келіп жұмыс істеп жүрген азаматтардың зейнетақы мәселесі әлі шешілмей тұр. Бұл ретте әр мемлекет өзіндегі ұлттық заңнамаға сәйкес зейнетақы төлемін жасайды, – деген еді.
Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов бірыңғай зейнетақы қорын құрудың бірқатар қауіпті тәуекелдері бар екенін айтады.
– Себебі Ресей бірыңғай зейнетақы қорын құрғысы келсе, онда соны басқаратын және зейнетақы ресурстарын экономикаға салатын біртұтас команда құрылуы керек болады. Егер іс солай қарай бағыт алса, онда қазақстандық келіссөз тарапы әлсіздік танытады. Нормативтік-құқықтық актілердің көбі біз үшін тиімсіз әрі зиянды. Біртіндеп ақпараттық, зейнетақы жүйелерінің бірігуі – ортақ валюта енгізудің, сосын біртұтас мемлекетті құрудың белгісі. Бәрі сол ақпарат алмасудан басталады. Одан әрі қарай теңге, рубль, өзге де валюталар әлсіреп, сосын ірі ойыншы мемлекетаралық есептесулер үшін ортақ валюта енгізуді ұсынады. Виртуалды валюта. Ал ортақ валютаның енгізілуі – мұндай қадамдардың заңды жалғасы, – дейді сарапшы.
Оның пікірінше, осы себепті мұндай әрекеттердің бір ғана бағыт-мақсаты бар, ол – мемлекеттерді жақындастыра түсу. Мұндай жағдайда тәуелсіздікті жоюдың да қажеті болмайды. Өйткені ресейлік банктер қазірдің өзінде біздің елде өздерін емін-еркін сезінеді және ерте ме, кеш пе біздің нарықты жаулайды.
Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаев та елдердің бір-бірінің азаматтарына зейнетақы бере бастауы түбінде ортақ валюта мәселесіне тірелуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
– Меніңше, бұл бар болғаны интеграциялық мәселе ғана. Яғни елдер бір-бірімен экономикалық байланысты нығайта түседі. Мұның бәрі одақ ішінде интеграцияны күшейту үшін ғана жасалады. Осыған дейін кедендік заңнаманы біріктіру туралы әңгіме болды. Енді зейнетақы мен несие жүйесін біріктіру айтылып жатыр. Одан бөлек тағы бірқатар стандартты бірыңғай жүйеге көшіру ойластырылған. Осы қозғалыстардың соңғы нүктесі – 25-30 жыл көлемінде одақ ішіндегі қаржы жүйесінің толықтай бірігуі ортақ валютаны енгізу мәселесін туындатады. Ол кезде бұл кімге тиімді, кімге тиімсіз деп айтудың да мәні болмайтын сияқты. Міне, сол процесс қазір болып жатыр, – деді А.Бейсембаев.
ЕАЭО-ның екінші бастамасы – несие тарихымен алмасу келісімі. Желтоқсан айында бес елдің несие деректерін біріктіру туралы шешім жарияланды. Келісім жобасын РФ қаржы министрлігі дайындаған. Енді азаматтар одақ аясында кез келген елден несие алуға құқылы болады. Р.Рысмамбетов бұл бастаманы нашар идея деп бағалады.
– Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Арменияны былай қойғанда, азаматтарымыздың деректері біздің елде қауіпсіз болады дегенге кепілдік бере алмаймыз. Ал Қазақстан азаматының ресейлік банкке барып несие алуы, бұл – әрине, нарық үшін күрестің белгісі. Ресейлік банктер қазақстандық банктерге қарағанда несиені әлдеқайда арзан бере алады. Сонымен қатар Ресейде өзге елден келген миллиондаған азаматтар тұрады. Олар үшін әрине, сол жерде, ресейлік банктен несие алған ыңғайлы. Бұл ресейлік банктердің Қазақстан, Қырғызстан және Армения банктерінен клиенттерді тартып алуын көрсетеді, – дейді сарапшы.
Оның айтуынша, ЕАЭО туралы көптеген ережені қайта қарастыру қажет.
– 2021 жылы жағдай жаз айларына дейін күрделі қалыпта болады. Егер жазда Үкімет тиісті шаралар қабылдай алса біз экономикамызды қалпына келтіруді бастаймыз. Кез келген дағдарысты мықты экономикасы бар ойыншы басқара алады. Сол себепті ресейлік компаниялардың қазақстандық нарыққа кіре бастауын болжаймыз. Егер бұрын бұл экспорт болса, ал қазір компанияларды сатып алып, Қазақстанда өндірісті іске қосумен өлшенеді. Ресейлік өндірушілер Қытай нарығының әлеуетін және соны қазақстандық компаниялардың пайдаланбай отырғанын да көрді. Олар үшін Қазақстанда өндіріп, сосын өнімді Қытайға экспорттау өте тиімді. ЕАЭО-ның қазіргі ережелері қазақстандық емес, ресейлік компаниялар үшін қызығырақ. Сондай-ақ қазақстандық өнімді Ресейге экспорттау мәселесі бойынша тарифтік емес шектеулер де толып жатыр. Ал біз ресейлік өнімдерге ондай шектеулер қоймағанбыз, – деді Р.Рысмамбетов.
Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков әлем бойынша интеграцияның басты бес сатысы бар, ЕАЭО аймақтық интеграцияның үшінші сатысында сияқты дейді.
– Осы сатының маңызды компоненттерінің бірі – несиелік тарихты алмасу үдерісі. Бұл келісімнің артықшылығы – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары мен кәсіпорындарына және республикада жұмыс істейтіндерге нақты мүмкіндіктер береді, – дейді экономист.
Оның сөзінше, қауіпті тәуекелдердің бірі ретінде жұмыс істемейтін несиелер деңгейінің қауіпті аймаққа ауысуын айтуға болады.
– Сондай-ақ елдер арасындағы деректер алмасу кезінде жеке ақпараттың қорғалмауы, олардың құпиялылығының қамтамасыз етілмеуі. Бұл қаржы органдарының жұмыс сапасына байланысты. Біздің банктер резидент еместерге несие бергісі келмейді, себеп – қарыз алушыларды тексерудің күрделілігі. Сонымен қатар мұндай клиенттерді жаппай қаржыландыру елдің төлем балансының көрсеткіштеріне кері әсер етуі мүмкін, – деді Қ.Арыстанбеков.
А.Бейсембаев несие деректерімен алмасудың қаншалықты қауіпті немесе қауіпсіз екенін келісімнің толық нұсқасы жарияланған кезде ғана біле алатынымызды айтады.
– Бұл – экономикалық одаққа тән интеграциялық мәселелер. Ең бастысы, келісімнің барлық тармағына мұқият мән беру керек. Ол жерде ерекшелік өте көп болады. Біз үшін тиімді ме, тиімсіз бе, қауіпті ме, қауіпсіз бе, толық келісім нұсқасы жарияланған кезде барып анықтауға болады. Әрине, көп жағдайда басқаларға қарағанда Ресей пайданы көбірек көреді. Ресей – Еуразиялық одақтың орталығы. Өңірдегі ірі экономика соларға тиесілі. Қалайық, қаламайық бәріміз сол елдің экономикасына мән береміз. Мәселен, импорттық баж салығынан түскен кедендік түсімдердің 80 пайызы Ресей қазынасына кетеді. Қалған 20 пайызды төрт ел бөліседі. Сондықтан бірыңғай кедендік баж енгізу Ресейдің пайдасына жұмыс істейді. Міне, осындай мәселелер бар, – деді сарапшы.
Былтыр жыл соңында Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова 62 кедергінің дәлелденгенін, оның 51-і түзетілгенін, соның тең жартысы ресейлік барьер екенін айтты. «Көзге көрінбейтін басқа да әкімшілік кедергілер толып жатыр. Жыл сайын 660 млн доллар болатын қазақстандық өнім «тұрып» қалады» деген еді вице-министр. Сондай-ақ былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев одақтың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағытында Қазақстан келіспейтін шикіліктер барын айтып, жарты жылда әлгі қателіктер түзетілген еді. Сол аралықта Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың «ұлттық мүддемізге қайшы келетін 246 шараны алып тастадық, өзімізге ыңғайлы мазмұнмен 106 іс-шара мен бастаманы енгіздік» дегенін білеміз. Осының өзі-ақ «күштінің арты диірмен тартатынын», одақ аясында өз үлесіңді алу үшін де аянбай күресу керек екенін ұғындыратындай.
Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Демек, 2021 – одақ аясындағы мақсат-міндеттерді анықтап, мүддемізді қорғау жолында аянбай жұмыс істейтін, төраға ретінде мүше-мемлекеттердің теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдайтын жыл. Бәлкім, «бірыңғаймен» басталатын шаралардың біз үшін пайдалы не пайдасыздығын да анықтай салу артықтық етпес.
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Қазақстанда коронавирустан 800-ден аса адам емделіп шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:03
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 804 адам анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Ақ халаттылардың абзал бейнесі
Руханият • Бүгін, 08:40
Ұқсас жаңалықтар