Саясат • 22 Қаңтар, 2021

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің міндетін атқарушы, Жогорку Кенеш спикері Талант Мамытов премьер-министр мен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының сайтында хабарланды.

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

Хабарламада президент сайлауы нәтижелерінің ресми жариялануына және Садыр Жапаровтың премьер-министр өкілеттігін тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Талант Мамытов оны Үкімет басшысы қызметінен босатқаны атап өтілді. Жарлық бойынша Үкіметтің қазіргі құрамы отставкаға кетті. Ал оның мүшелері жаңа құрам құрылғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болды. Қырғызстан премьер-министрінің міндетін Артем Новиков атқарады.

Садыр Жапаровтың прези­дент сайлауының ресми қоры­тындылары шығарыл­ғаннан кейін премьер-министр өкілеттігін тоқ­тататыны осыған дейін айтылған еді. Конституцияға сәйкес Үкімет толық құрамда отставкаға кетуі тиіс.

Қырғызстан президентінің мер­зімінен бұрын сайлауы 10 қаң­тарда өткен еді. Орталық сайлау комис­сиясының ресми қорытынды мәлі­­метіне сәйкес Жапаровқа 1,1 мил­­лион­нан астам адам немесе сай­лау учаскелеріне келген сайлау­шы­лар­дың 79,2 пайызы дауыс берген.

Елдегі биліктің ауысуы былтыр 6 қазанда халық наразы­лығы­нан кейін болған-ды. Нәти­жесінде, Садыр Жапаров премьер-министр болып сайланған. Кейі­нірек президенттік сайлауға қаты­суға ниет білдірген Үкімет бас­шысының өкілеттігі бірінші вице-премьер Артем Но­ви­ковқа уақытша жүктелген-ді.

Ал елдің алтыншы прези­дентін ұлықтау рәсімі 28 қаңтарға белгіленді.