Сенат Спикерінің төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сенат Спикерінің төрағалығымен Палата отырысы өтті. Мәулен Әшімбаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Президент белгілеп берген міндеттердің маңызына назар аударды.

«Мемлекет басшысының реформаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету – Парламенттің басты міндеті. Президентіміз атап өткендей, қоғамды алаңдатқан мәселелер Парламентте талқылануы қажет. Парламент өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуға тиіс. Сондықтан әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек», деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ Сенат Төрағасы Палата жұмысына қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтардың өкілдерін, тиісті мамандарды кеңірек жұмылдыру қажет екенін, мұндай қадам заң шығару жұмысының және қабылданып жатқан заңдардың тиімділігін арттыратынын атап өтті.
Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, қабылдады. Бұл құжат Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген. Онда жүргізуші куәлігін және көліктің тіркеу құжаттарын өзіңмен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беретін жаңа нормалар бар.
«Осы заң жобасы қабылданғаннан кейін автокөлік иесін полиция тоқтатқан кезде, ол жеке куәлігін ұсынуға тиісті. Сол құжат бойынша полиция қызметкері планшет арқылы электронды базада қажетті тексерісті жүргізе алады», деді заң жобасы туралы баяндама жасаған сенатор Нұрлан Бекназаров.
«Заң жобасындағы өзгерістер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды, яғни олар өзімен бірге барлық қажетті құжаттарды алып жүруге міндетті», деді баяндамашы.
Екі оқылымда болған талқылаудан кейін депутаттар заң жобасын қабылдады. Бұдан кейін Сенат Төрағасы осы құжатқа қатысты пікірін білдірді. Спикердің айтуынша, қабылданған заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жасаған ұсыныстары аясында әзірленген. «Бұл заң жобасындағы жаңашылдықтар еліміздегі цифрландыру жұмыстарының нақты нәтижесі екені сөзсіз», деді Мәулен Әшімбаев.
Отырыс барысында «2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.
Бұдан бөлек, сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
«Бұл келісім Халықаралық қаржы корпорациясының офисі қызметінің негізгі ережелерін, сондай-ақ, қызметкерлер үшін артықшылықтар мен иммунитеттерді белгілейді. Халықаралық қаржы корпорациясы халықаралық даму институты болып саналады. Оның негізгі қызметі жеке сектордың дамуына жәрдемдесуге бағытталған», деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.
Халықаралық қаржы корпорациясының өңірлік офистері әлемнің 13 қаласында, оның ішінде Алматыда орналасқан.
«Халықаралық қаржы корпорациясы офистері орналасқан барлық мемлекеттермен офистердің қызметі туралы ұқсас келісімдер жасады. Ол Қазақстанда өз қызметін 1994 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Осы кезеңнен бастап 1,6 млрд доллар көлемінде жобалар қаржыландырылды. Бұл Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 70 пайызын құрады. Аталған келісім Халықаралық қаржы корпорациясының қазақстандық офисінің орнықты жұмыс істеуіне және жаңа инвестициялар тартуға ықпал етеді», деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар жиын барысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.
«Осы келісімді ратификациялау ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуал туындаған жағдайда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында ақпарат пен көмекті жедел ұсынуға мүмкіндік береді», деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.
Келісімге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей қол қойған. Құжат ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайында мамандандырылған құтқару құрылымдарын, мамандарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және осы құрылымдарды техникалық жарақтандыру үшін пайдаланылатын материалдарды трансшекаралық өткізу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Палата отырысында сенатор Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысының бюджетіне бөлінетін қаражат көлемін ұлғайту мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, Атырау облысы «донор» болып саналады. Сондықтан республикалық бюджетке 2021 жылы 213,7 млрд теңге аударуы керек.
«2021 жылы республикалық бюджеттен Атырау облысына берілетін нысаналы трансферттердің көлемі 56,9 млрд теңгені құрайды. Ал басқа донор өңірлер бойынша мүлдем басқа көрініс қалыптасуда», деді депутат. Ол өңірдің әлеуметтік және инфрақұрылымын дамыту бойынша Үкімет деңгейінде шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді атап өтті. Бүгінгі күні 2018-2019 жылдары басталған бюджеттік инвестициялық жобаларды облыс бойынша толық аяқтау үшін 76,3 млрд теңге қажет екен. Ал жергілікті бюджеттің даму бөлігіндегі мүмкіндігі шамамен 30 млрд теңгені құрайды.
«Бұдан басқа 153 ауылдық елді мекеннің 12-сі әлі күнге дейін орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген және 18 елді мекенге ауыз суды арнайы жеткізу ұйымдастырылған. Өңір республикада алғашқы болып газдандыруды бастағанына қарамастан, әлі күнге дейін 18 ауылдық елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген. Облыс бойынша апатты жағдайдағы 79 тұрғын үй бар. Апатты жағдайда – 4, үш ауысымды 11 мектеп бар. Мұнайлы өңірдің қаржы тапшылығына байланысты шешілмей отырған басқа проблемалары да бар», деді Ғұмар Дүйсембаев.
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Ұқсас жаңалықтар