Коронавирус • 22 Қаңтар, 2021

Коронавирус жұқтырған 25 мыңнан аса адам ем қабылдап жатыр

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар бойынша бүгінгі мәліметті ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 25 мыңнан аса адам ем қабылдап жатыр

21 қаңтардағы мәлімет бойынша,  25 088 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 737 пациент стационарда, 18 351 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирус жұқтырғандар арасында 298 адамның жағдайы ауыр, 57 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.