Қоғам • 22 Қаңтар, 2021

ҮЕҰ арналған гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды

5 рет көрсетілді

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау аяқталды. Құжаттар 2020 жылдың 29 желтоқсанынан 2021 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ деректері бойынша еліміздің 145 коммерциялық емес ұйымынан барлығы 256 өтінім келіп түскен.

Конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында өткізіледі.

Қоғамдық ұйымдар 28 грант тақырыбы бойынша өз жобаларын ұсынды. Өтінімдер саны бойынша көшбасшы жобалар: «Профнавигация» жобасын іске асыру (21 өтінім), жастар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру (19), жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру (18), ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру (18), «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын іске асыру (17), жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту (17), жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру (14), Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және жандандыру (11 өтінім) және басқа жобалар.

Саны жағынан ең белсенді өңірлер Нұр-Сұлтан (98) және Алматы (82) қалалары, Павлодар облысы (18), Шығыс Қазақстан облысы (15) болды. Ең аз өтінім Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстарынан келіп түсті; Ақмола облысының қоғамдық ұйымдарынан 1 ғана өтінім келіп түсті.

Алдымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ менеджерлері өтінімдердің гранттарды тағайындау  қағидасының талаптарына сәйкестігін қарайды, кейін жобалар тәуелсіз сарапшылардың қарауына берілетін болады.

 
Соңғы жаңалықтар

«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты

Аймақтар • Бүгін, 13:25

Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Ұқсас жаңалықтар