Қоғам • 22 Қаңтар, 2021

Белгісіз адамдар Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған ақпарат таратуда

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгісіз біреулер әнші Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған аккаунтпен өтірік ақпарат таратуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгісіз адамдар Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған ақпарат таратуда

Олар әншінің Instagram желісіндегі фотосуретті пайдаланған. Бұл жайлы әншінің әкесі Facebook парақшасында мәлімдеді. Қанат Айтбаев алаяқтардан сақтануға шақырады.

Қанат Айтбаев бөліскен суретте белгісіз біреулердің ақшаға қатысты жазба қалдырғаны баяндалған.

1

«Мен Димаш Құдайбергенмін. Мен 500 мың АҚШ долларын таратамын. «Махаббат» деп жазған алғашқы 100 адамға 5000 доллардан жолдаймын», - делінген жазбада.