Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021

Энергетика министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрінің бұйрығымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы  Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Энергетика министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

1994-1996 жылдары — «Қарахан» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры. 

1997-1998 жылдары — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары. 1998 жылы — «Интерсистема» ЖШС президенті. 

1998-1999 жылдары — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.  1999-2000 жылдары — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.  2000 жылы — «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары. 2000-2005 жылдары — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы. 2005-2010 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2014-2016 жылдары — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.  2018-2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.  2019 жылғы 8 сәуірден 2021 жылғы 19 қаңтарға дейін — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.