Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021

Қазақстанда қанша адвокат бары айтылды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы азаматтарға кепілдік берілген заң көмегін көрсетуге 1,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда қанша адвокат бары айтылды

«2020 жылы адвокаттық қоғамдастық 2019 жылмен салыстырғанда 106 адвокатқа толықты және 5 480-ді құрайды. Кепілдік берген заң көмегін көрсетуге 1 млрд 813 млн теңге бөлінген. Мұндай көмекті 125 мыңнан астам азамат алды. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған 4 мың азаматқа ерікті және өтеусіз заң көмегі көрсетілді», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында. Оның атап өтуінше, АХАТ саласы бойынша әділет органдары 55 000 астам құжатты апостильдеді. «Әкімдіктер 760 мыңнан астам акті жазбаларын тіркеді. 2020 жылы министрлік мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіруде кешенді шараларды іске асырды», деді вице-министр.