Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021

Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты

537 рет көрсетілді

Балқаш» автожолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі ауруханада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қарағанды-Балқаш» автожолында 59 жастағы «SHACMAN» жүк көлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласына келе жатқан «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. 

Жеңіл көлікті 35 жастағы полиция қызметкері тізгіндеген. Жол апаты салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жолаушылары, 30 жастағы полиция қызметкері және 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

«Қарағанды облысының Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап қызметте, үйленген, екі баласы бар», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 16:37

«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты

Аймақтар • Бүгін, 13:25

Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Ұқсас жаңалықтар