15 Желтоқсан, 2013

Жалаулы жарыстар

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астанада «Қазақстан бокс фе­де­ра­циясының кубогы» республикалық турни­рінің жартылай финалы өтті.

Кеше Астанада «Қазақстан бокс фе­де­ра­циясының кубогы» республикалық турни­рінің жартылай финалы өтті.

Биылғы бәсеке ел боксының 80 жыл­дық мерейтойына арналып отыр.

Осы күні Астана қаласының және Оң­­түс­тік Қазақстан облысының команда­ла­ры жартылай финалда кездесіп, 6:5 есе­бі­мен ұтты. Екінші жартылай финал­да Қарағанды облысы және Маң­ғыс­тау облысының боксшылары шаршы алаң­ға шықты. Онда Маңғыстау облысы қарсы­ластарынан 7:3 есебімен басым түсті.

Тағы бір айта кететін нәрсе, «Қазақстан бокс федерациясының кубогы» респуб­ли­­ка­лық турнирінің жартылай финалы кезін­де алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойын­ша әйелдер арасындағы жекпе-жектер өтті. Бокс федерациясының хабарлауынша, ке­лесі турнирде әйелдер құрамасы ерлер құ­ра­масымен бірге тең дәрежеде өнер көрсе­те­тін болады.

Бүгін сағат 15.00-де Астана қаласы мен Маңғыстау облысы командаларының арасында финалдық кездесу өтеді. Фи­­нал­дан соң Қазақстан бокс федерация­сының ең үздік номинациялары бойынша биылғы жылдың жеңімпаздары мен бокс ардагерлері марапатталады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар