15 Желтоқсан, 2013

«Тәуелсіздік және әдебиет»

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мү­­­сіреповтің мемлекеттік әдеби-мемо­риалдық мұражай кешенінде «Тәуелсіздік және әдебиет» деген тақырыпта көрме ұйым­дастырылып, әдеби кеш өтті.

Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мү­­­сіреповтің мемлекеттік әдеби-мемо­риалдық мұражай кешенінде «Тәуелсіздік және әдебиет» деген тақырыпта көрме ұйым­дастырылып, әдеби кеш өтті.Оған М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет» бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, «Абайтану жә­не жаңа дәуір әдебиеті» бөлімінің мең­ге­рушісі, филология ғылымдарының кандидаты Серікқазы Қорабай қатысып, еліміз егемендік алғаннан бергі жылдардағы рухани әлемімізді байытқан әдеби құн­дылықтарымыз туралы, институт ға­лымдары әзірлеп жарыққа шығарған 100 томдық «Бабалар сөзі», 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы», 25 томы жарық көрген «Классикалық зерттеулер», т.б. туралы кеңінен әңгімеледі. «Классикалық зерттеулерге» С.Мұқановтың «ХХ ға­сыр­дағы қазақ әдебиеті» (1932), Ғ.Мү­сі­реповтің «Суреткер парызы» (1970) атты еңбектері енген. Ғылыми кітаптар мұражай кешені қорына сыйға тартылды.

Көрме-кешке Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері, №2 дарынды балалар мектеп-гимназиясының шәкірттері қатысты. Әнші Саят Нұрғазин жүрек тербер ән-шашу шашты. Көрме-кешті мұражай кешенінің директоры, ақын Әділғазы Қайырбеков ашып, қорытындылады.

Назгүл АЛТАЕВА.

Алматы.

Соңғы жаңалықтар