Қоғам • 22 Қаңтар, 2021

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың аты жарияланды. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды

«Сайттың атын алғаш рет жария етейін. Ол - enpf-otbasy.kz. Бұл – БЖЗҚ-мен біздің бірлесе атқарған аса ауқымды жұмысымыз. 2020 жылдан бері осы ауқымды жұмысты бірлесе атқарып келеміз. Сол себепті сайттың атауында екі органның да атын енгізуді жөн деп шештік», деді Л. Ибрагимова.

Оның айтуынша, сервис 23 қаңтар сағат 09.00-де өз жұмысын бастайды. 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше