
Кеше Көкшетау әуежайында «Трансаэро» әуе компаниясының алғашқы Көкшетау – Мәскеу халықаралық рейсі жасалды. Бұл оқиға қалалық әуежайдың «KTZ Express» көліктік-логистикалық компаниясына сенімді басқаруға өтуіне байланысты жүзеге асырылды.
Кеше Көкшетау әуежайында «Трансаэро» әуе компаниясының алғашқы Көкшетау – Мәскеу халықаралық рейсі жасалды. Бұл оқиға қалалық әуежайдың «KTZ Express» көліктік-логистикалық компаниясына сенімді басқаруға өтуіне байланысты жүзеге асырылды.

2013 жылғы мамырдың 8-інде облыс орталығының әуежайы көліктік-логистикалық компанияның қарауына өтіп, содан бері Азаматтық авиация комитетімен бірлескен түрде мемлекеттік қабылдау өткізіп, оған халықаралық мәртебе берілді. 2013 жылғы қазанның 19-ында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жоғары талаптарға сай келетін әуежайға халықаралық мәртебе беру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, «KTZ Express» компаниясы «Трансаэро» әуе компаниясымен келісімшарт негізінде халықаралық рейстерді орындауға уағдаластыққа қол жеткізді. Соның нәтижесінде Кокшетау – МәскеуМәскеу – Көкшетау тұрақты әуе бағыты кестеге енгізілді. Алғашқы рейс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне сәйкес келді.
Бұл халықаралық рейс Бойнг 737-700 ұшағымен аптасына екі рет жүзеге асырылады. Онда 8 бизнес-класс, 120 эконом-класс орындары бар. Көкшетаудан таңғы 6.20-да шықса, 2 сағат 30 минутта Ресей Астанасының Внуково әуежайына табан тірейді. Рейстің екі бағытына да бір баға – 40 мың теңге белгіленген. Алғашқы рейске 20 жолаушы билет алды. Оған «Трансаэро» әуе компаниясының ұшу отряды командирінің орынбасары қатысады. Биылғы мамыр-қазан аралығында әуежайдың ұшу-қону жолағы ұзартылды. Жолаушылардың ұшаққа отыруына жайлы жағдай жасалды. Жобаның Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы тұрғындарының жедел қатынауына жағдай жасап, әуежайдың кірісі молаюына, экономикасы дамып, туризмнің қалыптасуына ықпал етеді.
«KTZ Express» пен Көкшетау халықаралық әуежайы келесі жылдан бастап Омбы – Анталия халықаралық рейсін қолға алмақ. Сөйтіп, ел аумағы ғана емес, көршілес мемлекеттер арқылы да ұшу аясын кеңіте түсу жоспарлары бар.
«Егемен-ақпарат».