Әлем • 25 Қаңтар, 2021

Қытай әскері Тайванға басып кірді

5963 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің қорғаныс министрлігі қытайлық бомбардир мен төрт жойғыш ұшақ Тайванның әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына басып кіргенін хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытай әскері Тайванға басып кірді

Тайванның Формоз жағалауында H-6K сегіз бомбардирі мен J-16 жойғыш ұшағы пайда болған. Елдің әскерилері шетелдік ұшақтарға ескерту жасап, шабуылдарды бақылау үшін зымырандар орналастырған.

Айта кетейік Бейжің Тайван өзінің территориясы деп санайды. Осыған байланысты Қытайдың әскери-әуе күштері бірнеше рет аралдың оңтүстік бөлігі мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі Пратас аралдары арасында жиі рейстер жасаған.

«Жауынгерлік ұшақтар әуеге көтерілді, біз радио ескертулер жасап, бақылау үшін зениттік-зымыран жүйелерін орналастырдық», делінген хабарламада.

Қытай бұл жағдайға байланысты әлі түсініктеме берген жоқ. Десе де бұған дейін Бейжің елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін жаттығулар өткізіп жатқанын хабарлаған болатын.