Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, COVID-19-ға қарсы вакциналау қазір әлемнің 50-ден астам елінде жүргізіліп жатыр. Алғашқылардың қатарында ел азаматтарына үлгі көрсетіп, екпе алып жатқан көшбасшылардың ішінде вакцинаны екінші рет алушы да тіркелді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «COVID-19-ға қарсы вакцина рекордты мерзімде жасалғанымен, әлем жұртының қамтылуы біркелкі емес. Бақуатты елдерде екпеге қол жеткізу қиындық тудырмаса, кедей мемлекеттерде керісінше вакцина жоқ. Бұл вирустың мемлекеттік шекараға тәуелді емес екенін білеміз. Сондықтан әлем көшбасшылары бірінші кезекте күрестің алғы шебінде жүрген медицина қызметкерлерінің екпеден өтуін және бәріне бірдей қолжетімділігін ойлауы керек», деді пандемияға қатысты өткен аптада болған виртуалды іс-шарада.
ДДҰ алғаш мақұлдаған Phizer/BioNTech шығарған вакцинаны желтоқсанның ортасында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен елдің денсаулық сақтау министрі тікелей эфирде салдырды. «Бұл – адамзаттың денсаулығы мен өмірі үшін қажет, екпе салдырыңыздар», дейді олар.
АҚШ президенті Джо Байден де міндетіне кіріспестен бұрын тікелей эфирде екпе жасатып: «Былайша, әдейілеп жалпы жұртқа әйгілеп салдыруымның себебі ертең вакцина жалпы жұртқа қолжетімді болғанда халық одан күмәнданып жүрмесін, дайын болсын деп жасаттым», деді. АҚШ вице-президенті Камала Харрис те вакциналаудан өтті.
Жыл басында Түркия президенті Реджеп Ердоған қытайлық препарат Sinovacты салдырса, Гвинея президенті Альфа Конде де ресейлік ғалымдардың өнімі «Спутник V» вакцинасын жасатты. Pfizer вакцинасын салдырғандардың қатарында Румыния президенті Клаус Иоханнис, Словакия президенті Зузана Чапутова, Грекия президенті Катерина Сакелларопулу, Чехия президенті Милош Земан бар. Ал 9 қаңтар күні Ұлыбритания патшайымы Елизавета II мен оның жұбайы принц Филипп те вакцина жасатты. Алайда Букингем сарайы олардың қай вакцинаны салдырғаны жайында мәлімет берген жоқ.
Жер жүзіндегі католиктердің бас ордасы Ватикан да вакцина жасатуды қолдап отыр. Рим папасы Франциск өзі алуымен бірге барлық діндес бауырларына «Этикалық тұрғыдан барлық адам екпе алуы тиіс деп санаймын, себебі сіз өзіңіздің ғана емес, жақындарыңыздың да өмірі мен денсаулығын қатерге тігесіз. Сондықтан екпе жасату – парыз», дейді.
Словакия президенті Зузана Чапутованың вакцинаны екінші рет салдырғаны жайында хабарлаған баспасөз хатшысы Мартина Стриженец президенттің 27 желтоқсанда алған алғашқы екпеден соң бұлшықеттері ауырып, шаршау белгілері байқалғанын, бірақ ондай болатыны жайында медиктердің алдын ала ескерткенін жеткізді.
Аргентина денсаулық сақтау министрі Хинес Гонсалес Гарсиа Алехандро «20 қаңтарда Посадас атындағы ауруханада «Спутник V» вакцинасы дозасын ел президенті Алберто Фернандеспен бірге алдым», деп жазды Twitter-дегі парақшасында. Аргентина президенті вакцина салдыруға елдің денсаулық сақтау министрлігі 60 жастан асқан адамдарға екпе салдыруға болады деген қорытындысы шыққан соң жасатыпты. Ал жасы 60-тан асқан алғашқы екпе жасатуышының қатарын Буэнос-Айрес провинциясының денсаулық сақтау министрі Даниэль Голлан толықтырған.
«Спутник V» бұл елге алғаш жеткен вакцина екенін айта кеткен жөн. Ресейдің Тікелей инвестициялар қоры Аргентина үкіметімен препараттың 10 млн дозасын жеткізу жөнінде шарт жасасқан екен. Соның алғашқы 300 мың партиясы былтырғы желтоқсанда жеткізіліп, 29 желтоқсаннан Аргентина медицина қызметкерлерін вакцинадан өткізуді бастап кеткен.
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • 16 Сәуір, 2021
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • 16 Сәуір, 2021
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • 16 Сәуір, 2021
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • 16 Сәуір, 2021
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар