16 Желтоқсан, 2013

Австралия Ауғанстандағы әскери базасын жапты

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 12 - Avstraliya askerАвстралия премьер-министрі Тони Абботт Ауғанстанның Урузган провинциясындағы Тарин Кот әскери базасының жабылуы жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Біздің сарбаздарымыз үйіне оралады», – деді Австралия үкіметінің басшысы.

Австралия Ауғанстанға 2001 жылы 1,5 мың әскери қызметкер енгізген болатын. Осы 12 жыл ішінде оның 40-ы қаза болып, 260-тан астамы жарақат алған.

Австралия қорғаныс министрлігінің ақпары бойынша, тұрақты әскери бөлімшелер Ауғанстан аумағын босатты, тағы 400 әскери Қабул мен Қандағар қалаларында кеңесші ретінде қалып отыр.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар