Қазақстандықтар танымал блогер-конспиролог COVID-19-ға қарсы барлық вакциналардың құрамы бірдей және олардың құрамында адамды руханияттан айыратын құпия ингредиент люцеферин бар деген бейнероликпен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Сондай-ақ, ол SARS-Cov-2 вирусының жоқ екендігі, бұл вирусқа патент берілгені туралы танымал фейктерді айтады. Оның сөзінше, конспирологтарды әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін емес, «Коронавирус» сауда маркасын атағаны үшін бұғаттайды.
Бейнероликтің авторы – «Злой Эколог» You-Tube-арнасының жүргізушісі. Ол өзге ғаламдықтармен байланыс, метеориттердің құпиялары және саяси қастандықтар туралы бейнероликтер жариялайды. Бұл ретте ол ақпаратты «құпия инсайдерден» алатынын хабарлады, автор видеоларында оның атын атамайды.
COVID-19 тақырыбына арналған видео Ирландия билігі Sars-CoV-2 вирусының жоқ екенін мойындады деген мәлімдемеден басталады. Олай емес. Бұл мәлімдеме журналист Джемма О’Доэртидің баяндамасына негізделген, онда ол Ирландияның Денсаулық сақтау департаментіне өтініш жібергенін және оған вирустың жоқ екендігі туралы нақты жауап алғанын айтады. Шын мәнінде, журналистің өтініші SARS-CoV-2 вирусы да, COVID-19 ауруы да ғылыми факт болғандықтан қабылданған жоқ.
Вирус геномы толығымен ашылды және 2020 жылғы 10 қаңтардан бастап көпшілікке қолжетімді. Вирустың геномын бірінші болып қытай ғалымдары сипаттаған.
2020 жылғы наурызда Ресей мамандары да аурудың динамикасын жақсы зерттеу үшін вирустың геномын зерттеп, ашты деген ақпарат тарады.
SARS-CoV-2 вирусы туралы толық мәліметтер және оның сипаттамасы ДДСҰ сайтында да бар. Дәл осы мәліметтердің негізінде вакциналар әзірленді және әзірленуде. Ғалымдар әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануда. Бүгінгі күні қолданылып жатқан препараттардың платформалары әртүрлі. Кейбіреулері матрицалық РНҚ негізінде жасалса, ресейлік «Спутник-V» препараты аденовирус векторында жасалған. Клиникалық немесе клиникаға дейінгі сынақтардан өтіп жатқан басқа вакциналар да белсенді емес вирус, ДНҚ және басқа платформалардың көмегімен әзірленуде
Вакциналардың құрамында люциферин болатыны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл мифтік қараңғы күштердің дәрі-дәрмек жасауға қатысатынының белгісі болып табылатын қорқынышты атауы бар құпия компонент емес. Люциферин – биолюминесценцияға жауап беретін табиғи компонент. Люцифериндер саңырауқұлақтарда, жарық қоңызда, ұлулар мен қоңыздарда, кальмар мен асшаяндарда, сондай-ақ басқа да балықтар мен жәндіктерде кездеседі.
Індеттің қолдан жасалғандығын көрсететін әртүрлі «коронавирустық патенттер» туралы есептер бірнеше рет теріске шығарылды, сондай-ақ, вирус мүлдем жоқ деген алғашқы тезиске тікелей қайшы келеді.
Әлеуметтік желілерде «Коронавирус» «сауда маркасын» атағаны үшін бұғаттау туралы мәлімдеме дұрыс емес. YouTube платформасын пайдалану ережелеріне сәйкес, егер роликтің авторы өзін басқа адам ретінде көрсетсе, спам, фейк жаңалықтар мен алаяқтық хабарламалар таратса бұғатталуы мүмкін. Сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат жарияланған немесе платформаны пайдалану ережелерін бұзатын мазмұнға ие платформаларға апаратын сілтемелермен бөлісуге тыйым салынады. Пайдалану ережелерінде сауда маркаларын атап өтуге тыйым салынбаған.
Сонымен қатар, желіде «Коронавирус», COVID, Coronavirus және т.б. сөздері бар сауда белгілері тіркелгені туралы мәліметтер жоқ. Осындай атауы бар патенттер бойынша барлық өтінімдер қабылданбаған. Рунетте «Коронавирус» сауда маркасын тіркеуге өтініш беру туралы жаңалық 2020 жылғы 1 сәуірде жарияланған, онда егжей-тегжейлі ештеңе жоқ және одан әрі ешқашан айтылмады.
Қорыта айтқанда, бейнероликте айтылған барлық мәлімдемелер бұған дейін және бірнеше рет теріске шығарылған фейктердің жиынтығы болып табылады.
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар