Автокөлікті мобильді қосымша арқылы онлайн тіркеуге болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 25 қаңтарда Astana Hub алаңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бірлескен кеңесі өтті.Кеңес барысында Бағдат Мусин мен Ерлан Тұрғымбаев цифрландыру саласындағы бірлескен жобалар мен алдағы жұмыс жоспарларын талқылады.
Сондай-ақ, ҚР ЦДИАӨМ ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында көлік құралдарын қайта тіркеу сервисі таныстырылды. Бұрын жеке тұлғалар автокөлікті тек Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе “Электрондық үкімет” порталында тіркей алатын. Пилоттық режимде бұл мемлекеттік қызмет Kaspi.kz қосымшасында апробацияланды. Автокөлікті онлайн тіркеу мүмкіндігі басқа да мобильді қосымшаларда пайда болады.
– Енді сатушы қосымшада автомобильді есептен шығарғанда, сервис көлік құралының шектеулерінің, айыппұлдарының және салық берешектерінің бар-жоғына автоматты түрде тексеру жүргізеді. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден сол қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшін ақша аударады, баж салығын төлейді, автокөлікті есепке қояды және мемлекеттік нөмір белгісін онлайн таңдайды, – деді ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин.
– Жаңа сервисті пайдалана отырып, автокөлікті сатып алушы мен сатушы мемлекеттік органдарға жүгінбей, бұл процедураларды өз бетінше жасай алады. Онлайн мәміле аяқталғаннан кейін құжаттарды және мемлекеттік нөмірлік белгіні “Электрондық үкімет” порталы арқылы үйге жеткізуге тапсырыс беруге немесе оларды Мамандандырылған ХҚКО-дан алып кетуге болады, – деп толықтырды ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен қатар, Astana Hub алаңында министрліктер басшыларына технопарк резиденттерінің IT-өнімдері таныстырылды. Олардың ішінде E-Knot – мүлік иелері мен көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары, сондай-ақ ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ақпараттық-цифрлық платформа да бар. Осылайша, тұрғындар әртүрлі коммуналдық мәселелер туралы хабарлап, заңсыз әрекеттер, құқық бұзушылықтар және басқа да оқиғалар туралы ақпаратты жедел түрде учаскелік полиция инспекторына бере алады. Кеңес барысында ведомство басшылары бірыңғай республикалық бейнебақылау жүйесін құру және ЖБО бейнебақылау жүйесін жаңғырту, түзеу мекемелерінде бейнебақылау жүйесін енгізу және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдарды бақылау бойынша электрондық білезіктерді енгізу мәселелерін талқылады.
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар