Әлем • 26 Қаңтар, 2021

Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс - БҰҰ

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш коронавирус пандемиясы салдарынан әлем соңғы 100 жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарысқа аяқ басты деп мәлімдеді. Оның Давос күн тәртібі шарасындағы сөзі ұйымның ресми сайтында жарияланды. БҰҰ басшысы қазіргі уақыттағы коронавирус дағдарысы аясындағы әлемді бір сөзбен – «әлсіздік» деп сипаттауға болатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс  - БҰҰ

«Пандемия салдарынан екі миллионнан астам адам қайтыс болды, және біз соңғы 100 жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарыстамыз», деді Гутерреш.

Дипломат пандемия адамдар мен елдер арасындағы теңсіздік, «климат және биоалуантүрлілік дағдарысының» тұрақсыздығы сияқты әлемдік проблемаларды тудырды деп санайды. Оның айтуынша, «табиғатпен соғыссақ» ол бізге «кері соққы береді». Гутерреш әлемді диалог пен ынтымақтастыққа шақырды.

«Үкіметтер, халықаралық ұйымдар, жеке сектор және азаматтық қоғам, қалалар бірге жұмыс істеуі керек», деді ол.

Сонымен қатар, БҰҰ бас хатшысы 2021 жылы әлемді пандемия салдарынан қалпына келтіруге «әлсіздіктен тұрақтылыққа өтуді» қолданудың ерекше мүмкіндігі барын айтты.