Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Агенттік жанындағы алғашқы қоғамдық институт Арнайы мониторингтік топ 5 жыл ішінде республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін дамытуға елеулі үлес қосқан нақты және пәрменді азаматтық бақылау институтына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz

Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды

АМТ мүшелері жүйелі негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қағидаттарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.

2020 жылғы АМТ қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы ақапарат Агенттік өкілдері қатысқан онлайн-кеңесте таныстырылды.

Республикалық АМТ басшысы Айгүл Соловьева консультативтік-кеңесші орган қызметінің негізгі бағыттары мен қоғам белсенділерімен жүргізілген мониторинг барысындағы өзекті мәселелер туралы баяндады.

Бірлескен жұмысты одан әрі жақсарту бойынша А.Соловьевамен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша өңірлік жоспарларды әзірлеу, оған іс-шаралар ретінде халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ, ГРЕКО, ЕҚЫҰ) ұсынымдарын қоса отырып, сондай-ақ БАҚ-пен неғұрлым белсенді өзара іс-қимыл жасау және жүргізіліп жатқан жұмысты жария ету бойынша әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды.

Кеңеске қатысушылар азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді тартудың өзектілігі, сондай-ақ АМТ-ның басқа қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен неғұрлым тығыз коллаборация қажеттілігі туралы бірауыздан пікір білдірді.

Сонымен қатар, АМТ мемлекеттік органдарға сенімнің негізін қалыптастыратын үш негізгі бағытқа – мемлекеттік аппараттың транспаренттілігіне, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауына назар аударуы тиіс екендігі атап өтілді.

«Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жоспарларды орындауына бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жергілікті комиссиялардың құрамында АМТ-ның жұмысын жандандыру қажет. Сонымен қатар, қоғам өкілдері заң аясында жұмыс істеуі керек. Біз қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін адал және заң бойынша шаралар қабылдайтындарды ғана қолдаймыз», деді А.Шпекбаев.

Айтылған есептер мен ұсыныстарды ескере отырып, Агенттік Төрағасы АМТ жұмысына оң баға беріп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға қосқан елеулі үлесі үшін А.Соловьеваға алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03