Шығындардың бір бөлігін өтеу келесі түрлер бойынша жүзеге асырылады:
1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар;
2) шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, Конгрестерге тікелей қатысуға арналған шығындар;
3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеуге, шет тілдеріне аударуға және басып шығаруға байланысты шығындар;
4) шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қойманы және сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар;
5) электрондық сауда алаңдарында шетелде тауар белгілерін тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;
6) тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа да құжаттар), сондай-ақ сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынама үлгілерін сынау пунктіне дейін жеткізу кезінде және кері қарай келтірілген шығындар (сертификат не өзге);
7) шетелде айрықша құқықтар объектілерін (франчайзинг) пайдалануға рұқсат алу рәсімдерін жүргізуге байланысты шығындар;
8) шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін тексеруден өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, тексеру рәсімдері оң өткен жағдайда және сертификат немесе басқа растайтын құжат болған жағдайда);
9) жүктерді жеткізуге және автомобильдік, теміржолдық, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау қызметтері үшін ақы төлеуге және тасымалдауды ұйымдастыруға байланысты шығындар.
2020 жылдың қорытындысы бойынша индустриялық-инновациялық қызметтің 377 субъектісінен 1145 өтінім келіп түсті. Оның ішінде индустриялық-инновациялық қызметтің 216 субъектісінен 487 өтінім мақұлданды, оның ішінде:
1) отандық өңделген тауарларды жылжытуға 51 өтінім;
2) отандық өңделген тауарларды жеткізуге 442 өтінім.
Ескертпе: 6 өтінім бойынша субъектілер шығындардың бірнеше түріне қатысты өтеуге өтінім берді, осыған байланысты шығындардың түрлері бойынша мақұлданған өтеулердің саны 493-ті, ал мақұлданған өтінімдердің саны-487-ні құрайды.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қабылдау https://export.gov.kz/веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Анықтама телефоны
8 (7172) 768511
8 (7172) 768588
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі туралы толық ақпарат https://export.gov.kz/ вeб-порталда және http://qaztrade.org.kz/ сайтынды орналастырылған.