Қоғам • 26 Қаңтар, 2021

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Business lady Kazakhstan» ынтымақтастық орнатты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум "Рухани жаңғыру" бағдарламасының әлеуметтік жобаларын іске асыру, сондай-ақ әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Business lady Kazakhstan» ынтымақтастық орнатты

Сондай-ақ, іс-шара барысында онлайн режимде жыл сайынғы "Business lady Kazakhstan" байқауының қорытынды дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Онда конкурстың нәтижелері анықталып, қатысушылар марапатталды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева, "Business lady Kazakhstan" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәуле Қайсар және басқа да қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Меморандум аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және қолдау бойынша жобалар қарастырылған. Қазіргі уақытта әйелдер арасындағы әлеуметтік жобаларға ерекше көңіл бөлінуде, осы салаға байланысты түрлі жобалар әзірленіп жатыр", - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева.

Дәстүрлі байқауға негізінен ауылдық жерлерден 200-ге жуық әйел онлайн және офлайн режимінде қатысты. Кәсіпкер әйелдер үшін шеберлік сыныптары мен оқыту өткізілді. Онда олар бизнестегі өз дағдыларын көрсетіп, шығармашылық әлеуетін арттырды.