Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді

2768 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында ғана ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты атанған Мәди Ахметовке көпшілік тарапынан түрлі пікірлер айтылып еді. Тіпті мәжілісменнің 25 жаста екенін алға тартып, оның жауапты қызмет атқаруына тәжірибесі аз екенін алға тартқандар да болды. Жас депутат әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеме жасап, елдің сыни пікіріне жауап берді, деп жазады Egemen.kz

«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді

Қымбатты ағайын, менің тарапыма сын да айтылды, теріс пікірлер де болды, мен туралы білместен, жеке басыма өтіп, ата-анама сөз тигізгендер де табылды, деген депутат  халқымызда «жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген ұлағатты сөз бар екенін еске салды.   

«Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деп мені қолдап, ақ жол тілеп, сенім артып жатқан қолдаушыларыма мың алғыс. Алдағы уақытта қоғамдағы өзекті мәселелер мен жастардың жағдайын жақсартуға қатысты сұрақтарды көтеріп, шешілуін қадағалаймын, деді Ахметов. 

Сондай-ақ, депутат  өзінің қалыптасуына үлес қосқан, жұмыс бабымен әріптес болған, белсенді қоғамдық өмірді бірлесе өткерген азаматтарға алғыс білдірді.

- Алматыда кіндік қаным тамып, мектеп шағымды, студенттік кезеңді өткізіп, еңбек жолымды бастадым. Ендігі кезекте қаламыздың көркейіп, даму жолындағы жұмысын жалғастырамын.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бір-біріміздің пікірімізге құлақ салып, бірлесе жұмыс істейік. Мақсатымыз ортақ, «илегеніміз бір терінің пұшпағы», сондықтан сіздердің тұшымды ұсыныс-пікірлеріңізге әрдайым ашықпын, деді еліміздегі ең жас Мәжіліс депутаты.