Хоккей • 26 Қаңтар, 2021

IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) кеңесі 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізетін қала туралы нақты шешім қабылдайды. Бұған дейін турнир Латвия мен Беларусьте өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды

Алайда, бір апта бұрын IIHF Минскіні әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырған болатын. Бұған елдегі саяси тұрақсыздық пен коронавирус жағдайы әсер еткен. 

Беларусь астанасында А тобындағы кездесулер, екі ширек финал, жартылай финалдық матчтар және үшінші орын мен ақтық сындағы кездесу өтеді деп жоспарланды.  

IIHF кеңесі әлем біріншілігін қабылдауға ниетті үш қаланы қарастыруда. Минскінің орнына Словакияның Братислава, Данияның Хернинг және Латвияның Рига қалалары чемпионатты өткізуге дайын екенін айтқан. Алайда,IIHF Литваның ұсынысынан бас тартты. 

Соңғы шешім бүгін қабылданады.