Медицина • 26 Қаңтар, 2021

Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатқан үш өңірді атады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр

Оның айтуынша республикада коронавирус жұқтырған азаматтардың 40 пайызы – осы үш облыстың тұрғындары.

«26 қаңтардағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары», деп атап өтті Денсаулық министрі.

Осы орайда ол Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында эпидемиялық ахуалды жеткілікті деңгейде бақылау жүргізіліп жатпағанын атап өту керектігін алға тартады.

«Осының салдарынан республикада коронавирус жұқтырған азаматтардың 40 пайызы – осы облыстардың тұрғындары. Осыған байланысты аталған өңірлердің әкімдері тиісті әрі тиімді шектеу шараларын енгізіп, оның сақталуына баса мән беруі керек», деді Алексей Цой.