Әлем • 26 Қаңтар, 2021

Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанда коронавирусқа қарсы вакциналау туралы жалған ақпаратпен күрес күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады

Енді осы мәселеге қатысты қауесет таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өйткені соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында жергілікті екпелердің қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты дәйексіз мәліметтер көбейген. Салдарынан вакцинадан бас тартып жатқандар аз емес. Мәселен, ел астанасы Нью-Делиде жүргізілген сауалнамаға қатысқандарың 62 проценті екпеге қарсы екендерін айтқан. Жалпы, әлемдегі вакциналардың 60 проценті осы Үндістанда өндіріледі. Қазір мұнда коронавирусқа қарсы бірнеше екпені әзірлеу және клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары жүріп жатыр. 16 қаңтардан бастап жергілікті екі препарат өндіріске енгізіліп, халыққа салынуда.   

Тапас Раджан Бехера, дәрігер:

– Вакцинаға қатысты жалған ақпараттың таралуы үлкен проблемаға айналды. Өйктені соңғы уақытта қауесет көбейіп кетті. Біз ауылды аймақта тұрамыз. Ал мұнда ондай ақпараттың қалай тез тарайтыны бәріне мәлім.