Қоғам • 26 Қаңтар, 2021

Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты

Президент қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру тапсырмасы жүзеге асырылуға жақындап қалғанын жеткізді.

Енді тұрғын үй төңірегіндегі дүрбелең мен баға өсімін ұстап тұруға бағытталған нақты шаралар қабылдау қажеттігіне баса назар аудару керектігін баса айтты.

«Қазір бұл жайында барлық жерде жазып, жылжымайтын мүлік бағасының көтерілу тенденциясы байқалғанын айтуда. Мемлекеттік органдар халықпен және құрылысшылармен түсіндіру жұмысын жүргізгені маңызды. Нарықтағы алаяқтық операцияларды шектеу қажет», деді ҚР Президенті.