Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

Қазақстан құрамасы халықаралық білім олимпиадасынан алтын жүлде алды

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы орта сынып оқушыларына арналан ең беделді IMSO халықаралық олимпиадасынан «алтын», «күміс» және үш «қола» жүлде алды.

Қазақстан құрамасы халықаралық білім олимпиадасынан алтын жүлде алды

Қазақстан құрамасы орта сынып оқушыларына арналан ең беделді International Mathematics and Science Olympiad (IMSO) халықаралық олимпиадасынан бес медаль ұтып алды. Қазақстандық оқушылардың қоржынында бір «алтын», бір «күміс» және үш «қола» медаль.

IMSO – 13 жасқа дейінгі 4-8 сынып оқушыларына арналған математика мен физика олимпиадасы. Биыл жарыс 17-рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қытай, Сингапур, Үндістан, Оңтүстік Корея мен БАӘ секілді 15 елден 150 оқушы қатысты.  

Шараны ұйымдастырушы ел Индонезия. Короновирустық шектеулерге байланысты Олимпиада онлайн өтті. Қазақстан құрамасына ел ішіндегі іріктеу жарыстарында ең жақсы көрсеткіш көрсеткен 6 оқушы енді.

Жүлделі болған қазақстангдық оқушылар:

— «Алтын»: Ади Құралов | 6 сынып | Нұр-Сұлтан |№ 75 мектеп;

— «Күміс»: Тимур Қилыбаев | 5 сынып | Алматы | № 165 лицей;

— «Қола»:  Батырхан Бейғанов | 5 сынып | Алматы | № 165 лицей;

Артур Муратов | 6 сынып | Алматы | № 90 арнайы лицей;

Алиса Абдулова | сынып | Алматы | РФММ.

«IMSO – орта мектептің оқушыларына арналған ең беделді халықаралық олимпиада. Оған қатысудың өзі үлкен абырой. Жыл сайын қазылар жарысқа арнап авторлық тапсырмалар дайындайды. Қазақстандық оқушылардың жеңісі біз үшін үлкен мақтаныш. Құрамамыз керемет нәтиже көрсетті», дейді Қазақстан атынан ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, «Пифагор» онлайн мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше