Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Павлодарда 12 жылдан бері іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында 12 жылдан бері іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда 12 жылдан бері іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

– Павлодарлық жедел уәкілдер 12 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол 2009 жылы Ресей Федерациясының Иваново қаласында велосипед ұрлаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған. 31 жастағы азамат 12 жыл бойы полициядан жасырынып жүрген. Осы жылдар ішінде ол тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп отырған. Жедел уәкілдер іздеу жарияланған ер адамды Павлодар қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның ұсталғаны туралы іздестіру бастамашыларына хабарланды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық тапсырмалар аясында басқа мемлекеттердегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Айта кету керек, 2020 жылы іздеуде 217 қылмыскер болды, олардың 118-інің жүрген жері анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше