Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

«Қасым хан» сериалы: 30 миллион теңгеге жуық қаражат ұрланған

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қасым хан» көпсериялы тарихи телехикая түсіру кезінде 30 миллион теңгеге жуық ақша ұрланған. Алматы бойынша ЭТД «Қазақфильм» АҚ-тың «Қасым хан» киножобасы» филиалының директоры К.С. Ахметовке және басқа тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қасым хан» сериалы: 30 миллион теңгеге жуық қаражат ұрланған

«Тергеу барысында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «Қасым хан» тарихи сериалының түсірілімінде қолдану үшін пиротехника сатып алуға бөлінген 29,9 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұрланғаны дәлелденді. «Қазақфильм» АҚ-қа келтірілген залал сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде толық көлемде өтелді»,  делінген хабарламада.

Сот айыпталушыларды ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, «Қасым хан» киножобасының» бұрынғы директорын екі жылға бас бостандығынан айыру, ал іске қатысы бар екі қызметкерге үш жылға дейінгі мерзімде бостандығын шектеу, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше