Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

Қазақстан Түркістаннан Ташкентке дейін теміржол салуды бастайды

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Түркістаннан Шымкент арқылы Ташкентке дейін жүрдек пойыздарға арналған теміржол салу жоспарлануда. Бұл туралы 26 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Түркістаннан Ташкентке дейін теміржол салуды бастайды

«Биылғы жылы 1,1 трлн теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары басталады. Атап айтқанда, экотуризм мен ұлттық саябақтарды перспективалық туристік бағыт ретінде дамыту бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады. Туристер ағынын арттыру үшін Түркістан - Шымкент - Ташкент бағыты бойынша жүрдек теміржол құрылысы басталады», - деді Асқар Мамин.

Еске салайық, 2017 жылдың наурызында «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы «Ташкент - Алматы - Ташкент» бағыты бойынша жүре бастады. Саяхат уақыты шамамен 17-18 сағатты құрайды. Жол бойында Отар, Шу, Тараз, Шымкент және Сарыағашқа соғады.  

Сондай-ақ, тараптардың Самарқанд-Түркістан бағытымен жүретін пойызды іске қосу үшін жұмыс істеп жатқаны хабарланды.