Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Алматыда есірткі сататын 247 сайт бұғатталды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының полицейлері жыл басынан бері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға ықпал етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда есірткі сататын 247 сайт бұғатталды

Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары мен ғаламторды мониторингілеу барысында есірткі және психотроптық заттарды таратуға қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға бағыттады.

– Сонымен қатар, өткен жылы синтетикалық есірткі шығаратын бес зертхана анықталып, жойылды. Барлығы есірткіні тікелей байланыссыз сатумен айналысқан бес күдіктінің қатысуымен екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Тұтастай алғанда, есірткінің заңсыз айналымы саласында 400-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды және ұзақ мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды, – деп қорытындылады Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше