Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Елорда дәрігерлері қала тұрғындарына үндеу жасады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген елордалық жұқпалы аурулар мамандары қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға шақырды.

Елорда дәрігерлері қала тұрғындарына үндеу жасады

Коронавируспен ауруханаға түсушілердің көбеюін ескере отырып, медицина қызметкерлері карантин режимін сақтау бойынша алдын-алу шараларын ұмытпау керектігін еске салды.

"Күзде науқас саны аз болды. Кейбірі тіпті вирус тоқтады деп те ойлаған болса керек. Бірақ инфекция түбегейлі жойылған жоқ. Коронавирус үдеп тұрған шақта күн мен түнді айыра алмаған кезіміз болды. Уақытқа қарап, қай шақта жұмыс істеуіміз керектігін ойлаған жоқпыз. Коронавирустың күрт өршуі мен таралуының қайталануына жол бермеуіміз керек. Кейбірі қала ішін бетпердесіз аралап, санитарлық нормаларды елемей жатқандары бар. Ал біз мұнда күн сайын науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп жүрміз”, - дейді қалалық жұқпалы аурулар орталығының дәрігері.

Стационарда коронавирустан емделіп жатқан Әйгерім Өміржанова аурухана төсегіне таңылатынына сенбеген екен:

"Бұл қауіпті вирустың елімізге зиян тигізгеніне бір жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде мен алаңсыз жүріп, денсаулығым туралы ойлаған емеспін, вирус жоқ деп те ойладым. Бірақ өзімді нашар сезінген сәттен бастап, бірден медициналық көмекке жүгіндім. Өкінішке қарай, менен коронавирус шықты. Шынымды айтсам, мұндай жағдайға тап боламын деп ойламаған едім. Бұл ешқандай да әзіл емес екен”, - деп А.Өміржанова өз ойымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, қалада бірқатар карантиндік шектеу шаралары бар. Қала тұрғындары маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауы, қолдарын антисептикпен өңдеуі қажет.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше