Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

Шетелден келген 137 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Шетелден келген 137 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ

794 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 657 адам, анықтамасыз 137 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 220 жолаушы, анықтамамен - 212; анықтамасыз - 8;

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 428 жолаушы, анықтамамен - 303, анықтамасыз - 125;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 142, анықтамасыз - 4.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

24 қаңтарда анықтамасыз келген барлық 695 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше