Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

Заңсыз айналымнан 340 келіден астам есірткі алынды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері республика аумағында заңсыз айналымнан 340 келіден астам есірткі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз айналымнан 340 келіден астам есірткі алынды

Ішкі істер органдары қызметінің басым бағыты болып табылатын, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл өзекті мәселе болып қала беруде. Биылғы жылдың қаңтар айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты еліміздің бірқатар өңірлерінде өткізілген іс-шаралар барысында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактілері  бойынша 90-ға жуық қылмыс  анықталды, оның ішінде 59-ы есірткіні сату, 28-і сақтау және 6-ы контрабанда дерегі болып табылады. Заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының жалпы салмағы  340 келіні құрады, оның ішінде 77 келі гашиш және 600 гр героин бар.

Соңғы жаңалықтар